Колледж миссиясы • Кәсіби білім деңгейі, шеберлігі жоғары, ұлттық рухты бойына сіңірген, азаматтық және адамгершілік қасиеттерге ие, тәжірибеге бағытталған сапалы мамандарды даярлау.
Кіру
AA+
Колледж миссиясы • Кәсіби білім деңгейі, шеберлігі жоғары, ұлттық рухты бойына сіңірген, азаматтық және адамгершілік қасиеттерге ие, тәжірибеге бағытталған сапалы мамандарды даярлау.
"Актюбинский многопрофильный колледж АГУ Тарлан" ЖШС

Ақтөбе көпсалалы АГУ «Тарлан» колледжінде ұлттық рухты асқақтатқан, салт-дәстүрімізді ұлықтаған «Төрлет, төл мереке – әз Наурыз!» атты оқу топтары арасындағы «Үздік ауыл» сайысы жоғары деңгейде ұйымдастырылып, ерекше әсерге толы өтті.

Бұл сайыста әр топ өз ауылын таныстырып, қазақ халқының бай мәдениеті мен дәстүрін, қонақжайлылығы мен бірлігін кеңінен насихаттады. Қатысушылар ұлттық киім үлгілерін көрсетіп, ән айтып, би билеп, түрлі сахналық көріністер арқылы өз өнерлерін ортаға салды.

Сайыс қорытындысы бойынша «Үздік ауыл» номинациясының І орнын КДК-101 (қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы) тобының студенттері иеленді. Олар өздерінің ұйымшылдығымен, шығармашылығымен және сахналық мәдениетімен ерекшеленіп, әділқазылар алқасының жоғары бағасына ие болды.

Баршаңызды мерекемен құттықтаймыз!

Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!