Колледж миссиясы • Кәсіби білім деңгейі, шеберлігі жоғары, ұлттық рухты бойына сіңірген, азаматтық және адамгершілік қасиеттерге ие, тәжірибеге бағытталған сапалы мамандарды даярлау.
Кіру
AA+
Колледж миссиясы • Кәсіби білім деңгейі, шеберлігі жоғары, ұлттық рухты бойына сіңірген, азаматтық және адамгершілік қасиеттерге ие, тәжірибеге бағытталған сапалы мамандарды даярлау.
"Актюбинский многопрофильный колледж АГУ Тарлан" ЖШС

Ақтөбе көпсалалы АГУ «Тарлан» колледжінде Ақтөбе қаласы полиция басқармасының Астана ауданы номері 1 қалалық полиция бөлімінің криминалдық полиция бөлімшесінің аға жедел уәкілі полиция капитаны Әбсат Айдос Маратұлы және Ақтөбе облысы ПД Криминалдық полиция басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі полиция подполковнигі Жапалаков Тулеген Надргалиевич «Заң және тәртіп» қағидаты аясында білім алушылармен құқықтық-тәрбиелік кездесу ұйымдастырды.

Кездесудің негізгі мақсаты – студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру, заң талаптарын құрметтеуге тәрбиелеу, құқықбұзушылықтың алдын алу және жастар арасында тәртіп пен жауапкершілікті қалыптастыру.

Іс-шара барысында білім алушыларға заң талаптарын сақтау, қоғамдық тәртіпті бұзбау, өз құқықтары мен міндеттерін білу, құқықбұзушылықтың салдары туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Студенттер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, пайдалы ақпарат алды.

Заңды білу – міндет, тәртіпті сақтау – әр азаматтың жауапкершілігі!

#ЗаңЖәнеТәртіп #ТарланКолледжі #ҚұқықтықТәрбие #ЖастарЖәнеЗаң #тәртіптәрбиекепілі