Колледжімізде білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру және құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында кездесу өтті. Кездесу барысында Ақтөбе облысы ПД Криминалдық полиция басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі, полиция подполковнигі Жапалаков Тулеген Надргалиевич және №1 қалалық полиция бөлімінің жедел қылмыстық полиция бөлімінің аға жедел уәкілі, полиция капитаны Аманжол Багдат Амантайулы колледжіміздің кәмелетке толмаған білім алушыларына құқықтық бағытта дәріс өткізді.
Дәріс барысында заң талаптарын сақтау, құқықтар мен міндеттер, қоғамдық тәртіпті сақтау және құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері кеңінен түсіндірілді. Жас ұрпақтың құқықтық мәдениетін қалыптастыру — баршамыздың ортақ міндетіміз. Заңды білу — өз құқығыңды қорғаудың алғашқы қадамы!
#ЗаңЖәнеТәртіп
#ҚұқықтықСауаттылық
#ТарланКолледжі
#Ақтөбе
#ҚұқықтықМәдениет Жастар

