Ақтөбе көпсалалы АГУ «Тарлан» колледжінде 8 сәуір күні кәмелетке толмаған 1-курс білім алушылары арасында «Заң – тәртіп кепілі» тақырыбында пікірсайыс өткізілді.
Аталған іс-шараға КДК-101 және АИДК-101 топтарының білім алушылары қатысып, өзара пікір алмасып, құқықтық сауаттылықтарын көрсетті. Пікірсайыс барысында қатысушылар заң мен тәртіптің қоғамдағы маңызы, жасөспірімдердің жауапкершілігі және құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері төңірегінде өз ойларын ортаға салды.
Білім алушылар өз көзқарастарын нақты дәлелдермен жеткізіп, сыни ойлау мен шешендік қабілеттерін көрсете білді. Іс-шара олардың заңға деген құрметін арттырып, азаматтық жауапкершілігін қалыптастыруға бағытталды.
Пікірсайыс жоғары деңгейде өтіп, қатысушылардың белсенділігі ерекше байқалды. Осындай тәрбиелік мәні зор шаралар жас ұрпақтың құқықтық мәдениетін арттыруға үлкен үлес қосады.
Іс-шараның өтуіне жауапты маман – директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Омар Нұргүл Жақсыкелдіқызы.
#ТарланКолледжі #Ақтөбе #Пікірсайыс #ЗаңТәртіпКепілі #Жастар #ҚұқықтықСауаттылық #Тәрбие