“Тарлан” колледжінде студенттер үшін ерекше күн болды - сахна тілі пәнінен қорытынды емтихан өткізілді. Бұл емтихан тек білім мен дағдыны ғана емес, сонымен қатар студенттердің шығармашылық қабілеті мен сахнада еркін сөйлеу шеберлігін де бағалады.
Студенттер көркем сөйлеу, дауыс дикциясы, сахналық қозғалыс сияқты бағыттар бойынша дайындықтарын жоғары деңгейде көрсетті.
Олардың өз - өзіне деген сенімі мен жауапкершілігі - ұстаз еңбегінің нәтижесі екені анық.
Мұндай емтихандар болашақ мамандар үшін үлкен тәжірибе әрі шабыт көзі. Барлық студенттерге алдағы оқу жолында сәттілік тілейміз!