Колледж миссиясы • Кәсіби білім деңгейі, шеберлігі жоғары, ұлттық рухты бойына сіңірген, азаматтық және адамгершілік қасиеттерге ие, тәжірибеге бағытталған сапалы мамандарды даярлау.
Кіру
AA+
Колледж миссиясы • Кәсіби білім деңгейі, шеберлігі жоғары, ұлттық рухты бойына сіңірген, азаматтық және адамгершілік қасиеттерге ие, тәжірибеге бағытталған сапалы мамандарды даярлау.
"Актюбинский многопрофильный колледж АГУ Тарлан" ЖШС

11 қараша күні колледжімізде С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасымен бірігіп театр және кино әртісі, педагог, Қазақстанның халық әртісі Фарида Шәріпованың туғанына 90 жыл толуына орай «Талантқа тағзым» атты танымдық сағат ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты – қазақ өнерінің көрнекті тұлғасының өмірі мен шығармашылығын кеңінен таныстыру, өнерге деген құрметті арттыру және жас ұрпаққа рухани тәрбие беру.

Танымдық сағат барысында Фарида Шәріпованың өнер жолы, сахнадағы жарқын бейнелері мен қазақ мәдениетіне қосқан үлесі туралы мағлұматтар берілді.

Өнері өнеге, есімі ел есінде қалған тұлғаларымызды ұлықтау – ұрпақ парызы! 🌹

#тарланколледжі #ТалантқаТағзым #фаридашәріпова #РуханиТәрбие #танымдықсағат