Колледж миссиясы • Кәсіби білім деңгейі, шеберлігі жоғары, ұлттық рухты бойына сіңірген, азаматтық және адамгершілік қасиеттерге ие, тәжірибеге бағытталған сапалы мамандарды даярлау.
Кіру
AA+
Колледж миссиясы • Кәсіби білім деңгейі, шеберлігі жоғары, ұлттық рухты бойына сіңірген, азаматтық және адамгершілік қасиеттерге ие, тәжірибеге бағытталған сапалы мамандарды даярлау.
"Актюбинский многопрофильный колледж АГУ Тарлан" ЖШС

Ақтөбе қалалық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Ақтөбе көпсалалы АГУ Тарлан колледжінің 80 жуық студентінің қатысуымен «Жастарға кеңес» жобасы аясында кездесу өтті. Заң, құқық бұзушылық пен зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында өткен кездесуге қағамда белсенді, өз саласының мамандары қатысты:

- «Алтын алқа» иегері, «Жоғарғы соттың төсбелгісінің» иегері, кәсіби медиатор - Бибігүл Әбдішүкірқызы;

- Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, Дзюдо федерациясының Ақтөбе облысы бойынша вице-президенті, дзюдодан әлем біріншілігінің күміс жүлдегері - Ибраев Рустам;

- Ақтөбе қаласы полиция басқармасы Алматы ауданы №4 қалалық полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі аға лейтенанты - Аман Ақбаян Абзалқызы.

Кездесу барысында жастарға құқықтық сауаттылық, жеке қауіпсіздік, зорлық-зомбылықтың алдын алу жолдары түсіндіріліп, ақпараттық кеңес берілді.

Құқығыңды біл - қауіпсіздігіңді қамтамасыз ет!