Колледж миссиясы • Кәсіби білім деңгейі, шеберлігі жоғары, ұлттық рухты бойына сіңірген, азаматтық және адамгершілік қасиеттерге ие, тәжірибеге бағытталған сапалы мамандарды даярлау.
Кіру
AA+
Колледж миссиясы • Кәсіби білім деңгейі, шеберлігі жоғары, ұлттық рухты бойына сіңірген, азаматтық және адамгершілік қасиеттерге ие, тәжірибеге бағытталған сапалы мамандарды даярлау.
"Актюбинский многопрофильный колледж АГУ Тарлан" ЖШС

Т.Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театрының 36-шы маусымының ашылуымен шын жүректен құттықтаймыз!

Ақтөбе көпсалалы колледжінің АГУ “Тарлан” ұжымы атынан киелі өнер ордасының жаңа шығармашылық маусымының ашылуымен ақжолтай тілегімізді білдіреміз!

Театр – адам жанын толқытып, жүрекке ой салып, рухани әлемді байытатын ерекше өнер. Әр қойылым – үлкен еңбек, ізденіс пен шынайы шығармашылықтың жемісі.

Жаңа маусым театр ұжымына мол шабыт, шығармашылық серпін, жарқын премьералар мен толағай табыстар әкелсін! Әрбір қойылым көрермен жүрегінен жол тауып, ерекше әсер қалдырсын.

Залдарыңыз әрдайым көрерменге толы болып, қошемет пен ыстық ықыласқа бөлене беріңіздер! Өнерлеріңіз өрге жүзіп, шығармашылық жолдарыңыз әрдайым ашық болсын!

36-шы маусым сәтті басталып, жақсы жаңалықтар мен үлкен жетістіктерге толы болғай! 

Ақтөбе облыстық драма театрының шығармашылық ұжымына зор табыс, биік белестер тілейміз!