«Өндірістегі он күн» акциясы аясындағы " Студент өндіріс көзімен" айдары аясында
Ақтөбе көпсалалы колледжінің АГУ “Тарлан” актерлік өнер мамандығының білім алушылары әлеуметтік серіктесіміз – Т.Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театрына арнайы барды.
Іс-шара барысында білім алушылар театр мамандары мен сарапшыларының қатысуымен театрдың тыныс-тіршілігімен, шығармашылық ұжымның жұмысымен және сахна өнерінің қыр-сырымен танысты. Кәсіби мамандармен пікір алмасып, өз мамандықтарына қатысты құнды тәжірибе жинақтады.
Мұндай кездесулер білім алушылардың кәсіби қызығушылығын арттырып, теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыруға мүмкіндік береді.
