21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлері күні!
Осы атаулы мерекеде Ақтөбе көпсалалы АГУ Тарлан колледжі директоры Меделбай Әділет Серікбайұлы мәдениет пен өнер саласына, соның ішінде актерлік өнер мамандарын даярлауға қосқан зор үлесі үшін Алғыс хатпен марапатталды.
Бұл — колледжіміздің шығармашылық бағыттағы жетістіктері мен өнерге деген жанашыр көзқарасының айқын көрінісі.
Өнер мен мәдениетке қызмет етіп жүрген барша мамандарды кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз!
Шығармашылық табыс, шабыт пен толағай жетістіктер тілейміз!
