Колледж миссиясы • Кәсіби білім деңгейі, шеберлігі жоғары, ұлттық рухты бойына сіңірген, азаматтық және адамгершілік қасиеттерге ие, тәжірибеге бағытталған сапалы мамандарды даярлау.
Кіру
AA+
Колледж миссиясы • Кәсіби білім деңгейі, шеберлігі жоғары, ұлттық рухты бойына сіңірген, азаматтық және адамгершілік қасиеттерге ие, тәжірибеге бағытталған сапалы мамандарды даярлау.
"Актюбинский многопрофильный колледж АГУ Тарлан" ЖШС

Ақтөбе көпсалалы колледжінің АГУ “Тарлан”  I–II курс студенттері С.Я. Маршак атындағы қалалық балалар кітапханасына арнайы барып, кітапхананың тыныс-тіршілігімен, кітап қорымен және оқырмандарға ұсынылатын мүмкіндіктерімен танысты.

Кездесу барысында студенттер кітап оқуға деген қызығушылықты арттыруға бағытталған «Кітап оқитын ұлт» марафонымен танысып, оның мақсаты мен маңызы туралы ақпарат алды.

Сонымен қатар, студенттер арасында көңілді әрі танымдық әдеби викторина ұйымдастырылып, қатысушылар қазақ және әлем әдебиетіне қатысты сұрақтарға жауап беріп, өз білімдерін сынады. 

Тағылымды кездесу студенттердің кітапқа деген қызығушылығын арттырып, рухани-танымдық көзқарасын кеңейтуге ықпал етті.

Кітап оқыған ұлт – ойы озық, рухы биік ұлт!