“КІТАП time” V жалпы республикалық кітап фестивалі аясында 11 қыркүйек күні Ақтөбе көпсалалы АГУ Тарлан колледжінде Қазақ киносы күніне кино өнерінің көрнекті тұлғаларының өмірі мен шығармашылығын таныстыру, олардың ұлттық мәдениетке қосқан үлесін насихаттау, оқушылардың өнерге деген қызығушылығын арттыру мақсатында “Өнер майталмандары” ауызша журнал өтті.
Шара барысында мерейтой иелері Серке Қожамқұлов, Нұржұман Ықтымбаев, Досхан Жолжақсыновтың өмірі мен шығармашылығына бейнебаян көрсетілді.
Шара қонақтары жас ақын, жазушы, сценарист Жақсылық Әлихан Нұрбергенұлы мен Асылбеков Наурызбай Серікұлы болашақ актерлерге қазіргі қазақ киносы мен драматургиясының қыр - сырын ашып берді.
Шараға “ Кино әлемі - кітап беттерінде” көрме ұйымдастырылып, оқырмандарға таныстырылды.
