Ақтөбе көпсалалы АГУ «Тарлан» колледжінде «Күзгі бал – 2025» байқауы өткізіліп, студенттер өз өнерлері мен талғамдарын жоғары деңгейде көрсетті.
«Күзгі бал – 2025» байқауының әділқазылар алқасымен таныстырып өтейік:
Кеншинбаева Ақжібек Шындәулетқызы – С.Я. Маршак атындағы қалалық балалар кітапханасының меңгерушісі.
Жұбатқан Нұрлыбек Хайруллаұлы – «Екі езу» сатира театрының көркемдік жетекшісі, ҚР мәдениет қайраткері, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі.
Меделбай Әділет Серікбайұлы – Ақтөбе көпсалалы АГУ «Тарлан» колледжінің директоры.
Ең әдемі жұп – 2025:
Түгелбай Ағарыс & Оржан Шынар
Ең креативті жұп – 2025:
Боранбай Нұрбол & Ермұқанова Дильназ
Күздің алтын жұбы – 2025:
Сәрсеналин Нұртай & Ақтанова Аяна
«Күз ханзадасы мен Күз ханшайымы – 2025» номинациясы:
Нұрлыбекұлы Иманғали & Қасенқызы Айкөркем
«Күзгі бал – 2025» байқауы өз мәресіне жетіп, ең үздік номинациялар анықталды. Әр жұп өз талантымен, сахна мәдениетімен, үйлесімділігімен көзге түсіп, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.