Колледж миссиясы • Кәсіби білім деңгейі, шеберлігі жоғары, ұлттық рухты бойына сіңірген, азаматтық және адамгершілік қасиеттерге ие, тәжірибеге бағытталған сапалы мамандарды даярлау.
Кіру
AA+
Колледж миссиясы • Кәсіби білім деңгейі, шеберлігі жоғары, ұлттық рухты бойына сіңірген, азаматтық және адамгершілік қасиеттерге ие, тәжірибеге бағытталған сапалы мамандарды даярлау.
"Актюбинский многопрофильный колледж АГУ Тарлан" ЖШС

 «Құстар фестивалі» қойылымы көрерменге жол тартты

2026 жылғы 20 мамыр күні облыстық «Алақай» қуыршақ театрында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті мен Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бірлесуімен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы екіайлық» акциясы аясында көрнекті жазушы Дулат Исабековтің «Құстар фестивалі» қойылымы сахналанды.

Мәдени шараға «Тарлан» колледжінің студенттері, Ақтөбе қаласындағы №47, №36, №24 мектептердің жоғары сынып оқушылары, сондай-ақ мәдениет саласының өкілдері қатысып, жалпы саны 200-ге жуық көрермен жиналды.

Қойылым барысында әділдік, адалдық, парасаттылық құндылықтары кеңінен насихатталып, жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселесіне ерекше көңіл бөлінді.

Спектакль желісі көрерменді қоғамдағы әділетсіздік, мансапқорлық пен шынайылық тақырыбы төңірегінде ойлануға жетелеп, адалдықтың маңызын терең сезіндіре білді.

Қойылым авторы – Дулат Исабеков
Режиссері – М. Хабиболла