Иса Байзақовтың туғанына – 125 жыл!
Ақтөбе көпсалалы АГУ «Тарлан» колледжі мен С. Бәйішев атындағы облыстық кітапхана бірлесіп, «Дарынды тұлға» атты танымдық кеш ұйымдастырды.
Шара барысында бейнеролик көрсетіліп, ұстаз Жанболатова Балдәурен «Тарлан ақын» тақырыбында баяндама жасады. Жыршы Демеубай Жолымбетов Иса ақынның «Желдірме» шығармасын орындап, ақын шығармашылығына тоқталды.
Кітапханашы Қақенова Гүлбану «Дауылды жырдың дүлдүлі» атты кітап көрмесін ұйымдастырып, библиографиялық шолу ұсынды.
Кеш соңында колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Омар Нұргүл Жақсыкелдіқызы қатысушыларға алғысын білдірді.
#тарлан #агутарлан #студен #исабайзаков #ақтөбе @baishev_kitapkhanasy