3 - маусым күні Ақтөбе көпсалалы АГУ Тарлан колледжінің "Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі" мамандығының бітіруші КДК - 401 топ студенттері "Қазіргі қазақ тілі және қазақ тілін оқыту әдістемесі" пәнінен мемлекеттік емтихандарын тапсырды. Мемлекеттік емтиханды қабылдаған комиссия төрайымы, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің ф.ғ.к., доцент - Имангазина Айгуль Абидуллаевна, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті филология факультетінің деканның тәрбие ісі жөніндегі орынбасары - Умирбаев Айбат Сидагытоллаевич, Қ.Жұбанов атындағы АӨУ университеті, филология факультетінің аға оқытушысы, PhD доктор - Құлтанбаева Нургул Калдыгуловна.