Ақтөбе көпсалалы АГУ «Тарлан» колледжінде «Білім күні – Бейбітшілік күні!» тақырыбында салтанатты шара және «Адал адам. Адал еңбек. Адал табыс!» тақырыбында бірыңғай кураторлық сағат өткізілді.
Салтанатты шараның мақсаты – жаңа оқу жылының ашылуын ұйымдастыру және білім алушылардың білімге деген ұмтылысын арттыру, патриотизмді, еңбекқорлықты, жауапкершілік пен өзара сыйластық қасиеттерін қалыптастыруға ықпал ететін мерекелік әрі шабыттандыратын атмосфера құру.