Колледж миссиясы • Кәсіби білім деңгейі, шеберлігі жоғары, ұлттық рухты бойына сіңірген, азаматтық және адамгершілік қасиеттерге ие, тәжірибеге бағытталған сапалы мамандарды даярлау.
Кіру
AA+
Колледж миссиясы • Кәсіби білім деңгейі, шеберлігі жоғары, ұлттық рухты бойына сіңірген, азаматтық және адамгершілік қасиеттерге ие, тәжірибеге бағытталған сапалы мамандарды даярлау.
"Актюбинский многопрофильный колледж АГУ Тарлан" ЖШС

Ата-аналармен ашық байланыс - тәрбиенің алтын көпірі

Ақтөбе көпсалалы АГУ «Тарлан» колледжінде күндізгі бөлімнің бюджеттік топтары бойынша жалпы ата-аналар жиналысы өтті.

Жиналыс барысында колледждің даму бағыты, оқу-тәрбие процесінің ерекшеліктері, студенттердің міндеттері мен ішкі тәртіп ережелері талқыланды. Сонымен қатар ата-аналарға колледждегі үйірмелер мен секциялар туралы ақпарат беріліп, «Менің отбасым – сыйластық пен жарастық орнаған орта» атты психологиялық тренинг ұйымдастырылды.

Бұл кездесу – колледж, студент және ата-ана арасындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастықтың айғағы. Ұрпақ тәрбиесіне бейжай қарамай, уақыт бөліп қатысқан ата-аналарға алғыс білдіреміз!