Мамыр айының екінші жексенбісі — Аналар күніне орай «Ана. Әйел. Маман.» тақырыбында тағылымды әрі әсерлі пікіралмасу кеші өтті.
Шараның басты мақсаты — қазіргі қоғамдағы әйелдің рөлін жан-жақты талқылау, өмірлік тәжірибе мен кәсіби жетістіктер арқылы ой бөлісу, сондай-ақ ана, әйел және маман ретінде өзін дамыту жолдарын айқындау.
Кездесу барысында қатысушылар әйелдің қоғамдағы орны, отбасы құндылығы, кәсіби даму, кәсіпкерлік, білім мен рухани тепе-теңдік жайында өз ойларын ортаға салып, тәжірибелерімен бөлісті. Әр спикердің өмір жолы мен жетістігі көпшілікке ерекше мотивация сыйлады.
Шара қонақтары:
М.Б. Аренова — «Аққу» дағдарыс орталығының психологі, жанға демеу болып, көптеген жандарға қолдау көрсетіп жүрген білікті маман.
Г.Д. Идрисова — «Зейіндім» оқу орталығының негізін қалаушы, білім саласына өзіндік үлесін қосып жүрген ұстаз әрі кәсіпкер.
Ж.Куртаева — көпбалалы ана, нутрицолог, кәсіпкер, «Nutribiom» дүкенінің негізін қалаушы, салауатты өмір салтын насихаттап жүрген жан.
А. Уразаевна — кәсіпкер, «Тілашар» білім беру орталығының негізін қалаушы, білім мен дамуға жол ашып жүрген жан.
Әйел — отбасының берекесі, қоғамның тірегі, ұлттың болашағына үлес қоса