Ақтөбе көпсалалы АГУ Тарлан колледжінің арнайы пән оқытушысы, ҚР Құрмет Грамотасының иегері,ҚР Мәдениет саласының үздігі, ҚР Театр Қайраткерлері Одағының, ҚР Журналистер одағының мүшесі,Ғ.Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясының бас редакторы-Байсеңгір Орал Ноғайбайұлы «AMANAT» партиясының Төрағасы, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Ерлан Жақанұлы Қошановтың «AMANAT» партиясының «Белсенді қызметі үшін» төсбелгісімен марапатталды.
Бұл марапат – ұстаздың білім мен тәрбие саласындағы қажырлы еңбегі мен қоғамдық жұмыстардағы белсенділігінің айқын көрінісі.
Әріптесімізді шын жүректен құттықтап, шығармашылық табыс, зор денсаулық және толағай жетістіктер тілейміз!
