Ахмет Жұбановтың 120 жылдығына орай кітапханада «Саз әлемінің сардары» атты облыстық оқырмандар конференциясы өтті.
Конференция барысында Жұбановтың шығармашылығы туралы баяндамалар тыңдалып, Ахмет Жұбановтың туындылары орындалды. Сонымен қатар, кітап көрмесі ұйымдастырылып, өнерді дәріптеу бағытында бірқатар жұмыстар атқарылды.
Ахмет Жұбановтың шығармашылығына арналған бұл конференция – ұлттық мәдениетті дәріптеуге бағытталған маңызды рухани іс-шаралардың бірі. Мұндай шаралар жас ұрпақтың өнерге деген қызығушылығын оятып, елдің мәдени мұрасын сақтау мен дамыту жолында маңызды қадам болып табылады.