Ақтөбе облысы Полиция департаментінің Криминалдық полиция басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі, полиция подполковнигі Жапалақов Телеген Надралиевич және Ақтөбе қаласы Полиция басқармасының Астана ауданы №1 қалалық полиция бөлімінің аға жедел уәкілі, полиция капитаны Айтпағамбетов Амандаулет Бақдәулетұлы студенттермен кездесу өткізді.
Кездесу барысында «Алаяқтарға алданбау» тақырыбы кеңінен талқыланып, қазіргі таңда жиі кездесетін интернет-алаяқтық түрлері мен олардың алдын алу жолдары түсіндірілді.
Студенттерге күмәнді қоңыраулар мен хабарламаларға сенбеу, жеке мәліметтерді бөгде адамдарға бермеу, қауіпсіздік шараларын сақтау жөнінде нақты кеңестер берілді.
Осындай кездесулер жастардың құқықтық сауаттылығын арттырып, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.