Ақтөбе көпсалалы АГУ Тарлан колледжінде «Алаяқтықтан сақ бол!» тақырыбында интернет алаяқтықтың алдын алуға арналған кездесу ұйымдастырылды.
Аталған іс-шараға «Жас Сақшы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Қайсарова Жанель Әкеділқызы және «Атамекен» студенттер отряды жастар қоғамдық бірлестігінің менеджері Дүйсенбаев Иса-Бек Абайұлы қатысты.
Кездесу барысында студенттерге интернет алаяқтықтың түрлері, одан сақтану жолдары және қауіпсіздік шаралары туралы маңызды мәліметтер ұсынылды.
#aqtobe_bilim_basqarmasy
#aqtobe_adistemelik_ortalyk
#jasaqtobe
#asa_aktobe_oblysy
#jastarruhy_aqtobe