Ақтөбе көпсалалы АГУ «Тарлан» колледжінде 2025–2026 оқу жылына қабылданған білім алушыларды студенттік қатырға қабылдау рәсімі өтті.
Іс-шараға өңірдің мәдениет және өнер саласының көрнекті өкілдері қатысты.
Құрметті қонақтар қатарында:
• Т. Ахтанов атындағы облыстық драма театрының директоры, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Камиев Сайлау Арымжанұлы;
• Ақтөбе облыстық «Алақай» қуыршақ театрының директоры, өнертану ғылымдарының философия докторы Курманалина Асия Тажбекқызы;
• «Екі езу» сатира театрының көркемдік жетекшісі, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Жұбатқан Нұрлыбек Хайруллаұлы;
олар студенттерге ізгі лебіздері мен тілектерін білдірді.
Шара барысында колледж басшылығы білім алушыларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, олардың білім мен шығармашылық жолында табыстарға жететініне сенім білдірді.
Жаңа білім алушыларымызды студенттік қатырға қабылдануымен шын жүректен құттықтаймыз!
Оқу жылы толағай табыстар мен жарқын жетістіктерге толы болсын!