1 мамыр – Бірлік күніне арналған ашық тәрбие сағаты.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі және актерлік өнер мамандығының 1 курс білім алушыларының қатысуымен 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай ашық тәрбие сағаты өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – білім алушыларға ұлтаралық татулық пен достықтың маңызын түсіндіру, әртүрлі ұлттардың мәдениеті мен өнерін таныстыру, бірлікке, сыйластыққа тәрбиелеу.
Тәрбие сағаты барысында студенттер өз өнерлерін көрсетіп, әр ұлттың салт-дәстүрі, мәдениеті мен өнері туралы қызықты мәліметтер ұсынды. Әр түрлі халықтардың билері биленіп, әндері шырқалды, ұлттық киім үлгілері таныстырылды. Бұл көріністер білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін ашып, көпұлтты еліміздің бай мәдени мұрасын насихаттауға мүмкіндік берді.
Іс-шара өте жоғары деңгейде өтіп, қатысушыларға ерекше әсер қалдырды. Мұндай тәрбиелік мәні зор шаралар жастардың бойында достық, бірлік және патриоттық сезімді қалыптастыруға ықпал етеді.