История колледжа

История колледжа

         Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің көпсалалы колледжі университет жанынан 2002 жылы ашылған болатын. Осы уақытқа дейін облыс және республиканың батыс аймағындағы кәсіпорындарға қажетті мыңдаған білікті мамандарды дайындап келеді. 2013 жылдың тамыз айында колледж университет құрамынан педагогикалық ұжымды сақтай отыра бөлініп шығып,  Ақтөбе көпсалалы АГУ «Тарлан» колледжі болып құрылды. Бүгінгі күні колледж мемлекеттік стандарт  талаптарына сай өз қызметін жалғастыруда.
          Педагогикалық ұжымда 3 академик, 3 профессор, 4 ғылым кандидаты, 5 ғылым магистрі, жоғары санатты – 15 оқытушы, 1 санатты -16 оқытушы жұмыс жасайды.
Колледждің материалдық-техникалық базасы мамандықтар бойынша, мамандарды дайындауда талаптарға сай. Оқу үрдісінде интерактивтік және лингофондық кабинеттер, бірнеше компьютерлік класс, дизайн, фотостудиялары, тігін цехы, кітапхана, оқу залы, конференц зал, спорт залы, медициналық пункт, асхана қолданылады.
Колледжіздің үлкен мақтанышпен даярлайтын мамандықтарының бірі, әрі бірегейі «Актерлік өнер» мамандығы  Ақтөбе облыстық мәслихатының шешімімен Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе  мемлекеттік университетінінің жанындағы көпсалалы колледжде ашылған болатын.
      Колледждің осы мамандығының студенттері облыс бойынша, республика және халықаралық деңгейлердегі конкурс, фестивальдерге қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүр.
«Актерлік өнер» мамандығының студенттеріне Е. Кенжалин, О.Байсеңгір, Н.Жұбатқан, Б.Аитова, А.Сайнов, С.Аманкулов, Е.Кемал, С.Аманқұлов, Ә. Нәжмеденова және т.б. көптеген елімізге танымал өнер адамдары сабақ беріп, мамандықтың қалыптасуына үлестерін қосты.
       Облыста өнер қызметкерлерінің тапшылығына байланысты АГУ «Тарлан» колледжіне 2017 жылдан бастап, конкурстық негізде облыстық бюджет есебінен мемлекеттік тапсырыс бойынша студенттер қабылданып келеді.        
Биылғы, яғни 2020-2021 оқу жылында Ақтөбе көпсалалы АГУ «Тарлан» колледжінің «Актерлік өнер» мамандығына оқуға түскен талапкерлерді елімізге танымал өнер майталмандары, өнертану ғылымдарының кандидаты, профессор, Қазақстанның халық әртісі, Қазақстан мемлекеттік сыйлығының лауреаты, актер, режиссер, театр педагогы  Тұңғышбай Жаманқұлов пен театр режиссері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының директоры, философия ғылымдарының докторы Асхат Маемиров  өз курстарын қабылдап, дәріс оқып, өз шеберліктерімен шыңдап, олардың білікті актер болып шығуына өз үлестерін қосады.
      Сонымен қатар, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе Өңірлік Мемлекеттік Университетінің профессор-оқытушылар құрамымен колледжіміз тығыз қарым-қатынаста. Ақтөбе көпсалалы АГУ «Тарлан» колледжіндегі 0111073-«Физика мұғалімі» және  0111063- «Математика мұғалімі» мамандықтарындағы білім алушыларға физика-математика ғылымдарының кандидаты, профессор Ж.Ж.Шүкіров, физика-математика ғылымдарының кандидаты, профессор Ж.Қ.Қайдасов, физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент С.Т.Жұбаев, физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент А.Е.Иманшиев, физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент С.К.Тулепбергенов, физика ғылымдарының магистрі, математика ғылымдарының докторанты Б.О.Сарсенбаев және т.б. республикамызға танымал ғалымдар дәріс оқиды.
Жарқын болашаққа бастар жолды іздесеңіз, бізге келіңіз!